Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің ресми сайты.
А. Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы бастаған.
Түрлі жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, Президент Әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген.
2018 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.