Ұлттық болмыс пен заманауи сән: Астанада Kazakhstan Fashion Week өтіп жатыр

Екі күндік шараға Қазақстан және шетелден 17 дизайнер қатысып, күз-қыс маусымына арналған жаңа топтамаларын таныстырып жатыр.

24 Қараша 2026, 14:33
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов 24 Қараша 2026, 14:33
24 Қараша 2026, 14:33
77
Фото: ©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Астанада Kazakhstan Fashion Week сән апталығы өтіп жатыр. Отандық және шетелдік дизайнерлер күз-қыс маусымына арналған жаңа топтамаларын ұсынып жатыр. Сән мінберінде ұлттық нақыштағы киімдерден бастап, заманауи авторлық образдар мен зергерлік бұйымдарға дейін әртүрлі бағыттағы туындылар көрсетілді. BAQ.KZ тілшісі сән апталығына қатысып, алғашқы күнгі көрсетілімдерден фоторепортаж ұсынады.

©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Сән апталығының алғашқы күні қазақстандық дизайнер Aida KaumeNOVA-ның көрсетілімімен ашылды. Биыл дизайнердің шығармашылық жолына 20 жыл толып отыр. Ол жаңа топтамасында қазақ әйелдерінің қайсарлығы мен мықтылығын бейнелеуге басымдық берген. Көрсетілімде 20 образ ұсынылды. Әр киім үлгісінен әйел болмысы мен ұлттық ерекшелікті заманауи сәнмен ұштастыру идеясы байқалды.

©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Дизайнердің айтуынша, брендтің 20 жыл бойы дамуына халықтың ықыласы мен қолдауы негіз болған. Бұл жолы Астанаға Миланда алғаш таныстырылған топтаманың жаңартылған нұсқасы әкелінген.

Біздің бренд халықтың сүйіспеншілігінің арқасында 20 жылдан бері өмір сүріп келеді. Бұл топтаманы алғаш Миланда көрсеттік. Кейін Алматыда ауқымды сән көрсетілімін ұйымдастырып, басқа қалаларға да алып бардық. Алайда біз бір коллекцияны барлық жерде өзгеріссіз ұсына алмаймыз. Осы уақыт ішінде шығармашылық ізденістеріміз жалғасты. Мәселен, «Qazaq Arýy» байқауы аясында қазақтың біртуар тұлғасы Меруерт Өтекешоваға құрмет көрсетілді. Осы тақырыпты да кейінгі көрсетілімдерімізге енгіздік. Сондықтан Астанаға әкелген топтамамыз да бұрынғы нұсқасынан біршама өзгерді, – деді Аида Кауменова.

©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Одан кейін дизайнер Ханым-Гүл Абдрасулова «Құмдағы іздер – дала періштелері» атты топтамасын таныстырды. 20 образдан тұратын коллекция HANUM AIDASH бренд авторының туған жері – Қызылордаға арналған. Дизайнер өз туындысы арқылы туған өлкенің табиғаты мен рухани болмысын, өз өңіріндегі әйелдердің әдемілігін сән тілімен жеткізуге тырысқан.

Бұл топтамада мен елімдегі әйелдердің жан дүниесін көрсеткім келді. Әйелдің ішкі әлемі әртүрлі, ол үнемі өзгеріп отырады. Менің киімдерім әйелдің еркіндігін, әдемілігін және даналығын бейнелейді, – деді дизайнер.

©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Сән апталығында халықаралық дизайнерлер де бой көрсетті. Грузиялық дизайнер Tako Mekvabidze өз топтамасын ұсынды. Сонымен қатар маңғыстаулық дизайнер Меруерт Балманова күз-қыс маусымына арналған коллекциясын таныстырды. Сондай-ақ сән апталығы аясында қазақстандық GUNI бренді де өз топтамасын көпшілік назарына ұсынды.

©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Көрсетілім бағдарламасында балалар сәніне де орын берілді. Қазақстандық дизайнер Азамат Сайн балаларға арналған киім топтамасын көпшілік назарына шығарды. Ал зергерлік өнер бағыты бойынша отандық ASD Jewelry бренді «Өрлеу» коллекциясын таныстырды. Осылайша, сән апталығында киім үлгілерімен қатар ұлттық зергерлік өнердің заманауи интерпретациясы да көрініс тапты.

©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Айта кетейік, Kazakhstan Fashion Week-тің негізгі бағдарламасы 24 қарашада да жалғасады. Бүгін сән мінберінде ресейлік және қырғызстандық дизайнерлер өз топтамаларын ұсынады. Жалпы, екі күндік бағдарламаға Aida KaumeNOVA, Tako Mekvabidze, Zalkar, Solangel, Hanum Aidash, Zardozi, Dinal, Меруерт Балманова, Ainash Qara, Venera Collection, Tamen, Азамат Сайн, Svetlichnaya, Veshalka Boutique, Guni және ASD Jewelry секілді дизайнерлер мен брендтер қатысып жатыр.

©BAQ.KZ/Артём Чурсинов

Kazakhstan Fashion Week – жаңа коллекцияларды таныстырумен ғана шектелмейтін кәсіби алаң. Мұнда дизайнерлер тәжірибе алмасып, мәдени байланыс орнатып, қазақстандық сән индустриясының халықаралық кеңістіктегі орнын айқындауға мүмкіндік алады.

©BAQ.KZ/Артём Чурсинов
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх