Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жыл толды

31 Қазан 2024, 14:30
396
Бөлісу:
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жыл толды
PHOTO
Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

Ұлттық тестілеу орталығы «ҰБТ-ға 20 жыл: тестілеу арқылы білім беруді трансформациялау» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ орталыққа сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конференцияның маңыздылығын ескере отырып, бұл шығармашылық идеяларды талқылауға, болашақты болжауға, сондай-ақ озық білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған бірегей жоба екенін атап өтті.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жыл толды

ҰБТ – білім беру процесінің маңызды бөлігі. Бүгінгі таңда біздің міндетіміз – қол жеткізген нәтижелерді сақтап қана қоймай, алға қарай ұмтылу. Біз техниканың қарқынды дамуын толықтыру мен білімді бағалаудың жаңа тәсілдері дәуірінде өмір сүріп жатырмыз, яғни уақыт талабына сай, сын-тегеурінге дайын болу маңызды, - деді министр.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов ҰБТ-ның 20 жылдық тарихындағы атаулы жетістері мен маңызды жобаларын таныстырды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жыл толды

2004 жылы енгізілген тестілеу мектеп бітірушілерінің білімін бағалауға деген көзқарастарын түбегейлі өзгертіп, елдегі жоғары оқу орындарына түсудің негізгі тетігіне айналды. ҰБТ Қазақстан білім беру жүйесінің білімді бағалау және студенттерді іріктеудегі елеулі өзгерістер мен реформаларды бейнелейтін негізгі бөлшегі болып табылады. Екі онжылдық ішінде ҰБТ заманауи технологиялар мен ғылыми тәсілдерге негізделген күрделі және көпқырлы жүйеге әрі Қазақстандағы білім беру жүйесінің ажырамас бөлігіне айналды, - деді Болатбек Серікбайұлы.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жыл толды
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жыл толды
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жыл толды
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 20 жыл толды

Іс-шарада орталық қалыптасқан сәттен бері басқарған басшылары мерейтой белгілерімен марапатталды. Сондай-ақ іс-шара барысында АҚШ, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің емтихан орталықтарымен білім деңгейін бағалау мен дамыту аясында өзара ынтымақтастықты қолдау мен дамытуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

Кездесуде халықаралық сарапшылар бірігіп, білім берудің нәтижелерін бағалау, білім сапасын арттыру, жасанды интеллект пен білім беруді бағалаудағы жаңа технологиялар сияқты маңызды тақырыптар бойынша әлемдік тәжірибе мен жетістіктерін бөлісті.

Конференцияның секциялық отырыстарында жетекші отандық және шетелдік практик-ғалымдар өз кейстерін ұсынып, іс-шараға қатысушылармен бірегей тәжірибелеріін алмасты.

Өзгелердің жаңалығы