Ұлттық банк жыл соңында инфляция 15%-ға жететінін болжады

14 Маусым 2022, 11:23
1425
Бөлісу:
Ұлттық банк жыл соңында инфляция 15%-ға жететінін болжады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді. 

Ұлттық Банк 2022 жылдың соңында инфляция 13-15% деңгейінде болады деп болжайды. Болжам тұтыну нарықтарының теңгерімді дамуына назар аударылатын Үкіметтің инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру барысы ескеріле отырып жасалды. Осы шаралар кешені табысты іске асырылған кезде инфляция болжамның төменгі шегіне дейін төмендеуі мүмкін, - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы. 

Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар құны тағы да шарықтауы мүмкін. 

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі біршама өседі деген болжам бар. Ол жанар-жағармай бағасы реттелетін өсім арқылы тежеледі. Ақылы қызметтердің инфляциясы 2021 жылдың жоғары базасына байланысты бәсеңдейді. Реттелетін коммуналдық қызметтер бағасының оларды көтеруге мораторий аяқталғаннан кейін қымбаттау тәуекелдерін, сондай-ақ жоғары инфляциялық күтулер аясында нарықта көрсетілетін қызметтер бағасының өсуін атап өтеміз. 2023 жылы инфляция ақша-кредит саясаты саласында қабылданып отырған шаралар, сыртқы инфляциялық қысымның біртіндеп төмендеуі және іске асыру жоспарланып отырған контрциклдік бюджеттік қағида аясында біртіндеп 7,5-9,5%-ға дейін баяулайды, - деді Ғалымжан Пірматов.

Өзгелердің жаңалығы