Ұлттық банк зерттеу жүргізу үшін гранттар ұсынуға байқау жариялайды

9 Қаңтар 2024, 13:03
401
Бөлісу:
Ұлттық банк зерттеу жүргізу үшін гранттар ұсынуға байқау жариялайды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Қазақстан Ұлттық банкі зерттеу жүргізу үшін гранттар ұсынуға ізденушілер арасында конкурстық іріктеу жариялайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ізденушілер арасындағы конкурстық іріктеу мынадай зерттеу тақырыптары бойынша өтеді:

Төлемдер мен аударымдардың құнын талдау (қолма-қол ақшасыз құралдар және қолма-қол ақша айналымы), оның оңтайландыру шаралары;

Қазақстанның орнықты экономикалық өсуіне қол жеткізу үшін инвестициялардың оңтайлы деңгейі.

Конкурстық іріктеуге:

– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруға, зерттеу қызметіне, ғылыми қызметке немесе сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы мәлімет жинау, сақтау және (немесе) өңдеу тұрғысындағы қызметке байланысты мақсаттарға, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;

– таратылу алдында тұрған немесе банкроттық процестерде жоқ заңды тұлғалар қатыса алады.

Ұлттық Банк өтінімдерді қарап болған соң зерттеудің бір тақырыбына бірнеше грант беруге немесе зерттеуге ұсынылған кейбір тақырыптарды грантсыз қалдыруға құқылы.

Байқау құжаттамасында хабарландырудың толық мәтіні, оның ішінде зерттеу тақырыптарының тізімі, зерттеулерге қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу шарты мен Ұлттық Банк бөлімшелеріндегі жауапты адамдардың байланыс деректері берілген.

Ізденушілердің өтінімі электрондық үлгіде Ұлттық Банктің порталында қабылданады. Ол үшін қабылданатын өтінімдер ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған болуы шарт.

Өтінім қабылдау басталатын күн – 2024 жылғы 9 қаңтар.

Өтінім ұсынудың соңғы мерзімі – 2024 жылғы 22 ақпан.

Байқауға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда мына электрондық мекенжайларға хабарласуға болады: esaphieva@nationalbank.kz, Kamilla.J@nationalbank.kz.

Еске сала кетейік, гранттарды үлестіру тәртібі Қазақстан Ұлттық Банкінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі №47 Басқарма қаулысымен бекітілген қағидалармен белгіленген.

Өзгелердің жаңалығы