Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк еліміздегі төтенше жағдай режимінен кейін тұрақтылық орнай бастаған өңірлерде екінші деңгейлі банктер жұмыс істей бастағанын хабарлады.
Мемлекет басшысының қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасына сәйкес ҚР Ұлттық банкі хабарлайды, екінші деңгейлі банктер еліміздің жағдайы тұрақты кейбір аймақтарындағы банкоматтарға жеткілікті мөлшерде қолма-қол ақша салды - делінген Ұлттық банк хабарламасында.