Ұлттық банк бағалы қағаздар нарығын жеке басқарушылар арқылы дамытуды көздейді

Бөлісу:
Ұлттық банк бағалы қағаздар нарығын жеке басқарушылар арқылы дамытуды көздейді
Фото: автордан

Ұлттық Банктің «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»  6 компанияға 20 млрд теңгеден 50 млрд теңге аралығында жалпы 200 млрд қаражат үлестірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

“Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының” ресми өкілі Айбота Жаппарбергеннің айтуынша, бұл әрекет арқылы Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын жеке басқарушы компаниялар нарығында дамыту көзделген.

Бүгін тарихи оқиға болды. Қордың жеке активтері басқарушы компанияларға берілді. Қордың алдына қойған басты мақсаты – қордың активтерінің ең бірінші кезекте сақталуын қамтамасыз ету, активтердің табыстылығын арттыру, құнсыздану қаупін азайту және өтімділігіне қолдау көрсету. Қандай да бір банк белгілі бір себептермен лицензиясынан айырылып, оның салымшыларына кепілдік төлем өтеу жағдайында қолда бар қаржы құралдарын, яғни акцияларды, облигацияларды тез арада теңгеге айналдыру қабілетін жоғарылату. Бұдан бөлек алдымызға қойылған басты мақсат – Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын жеке басқарушы компаниялар нарығында дамыту. Соған барынша үлес қосу. Алғашқы кезекте бәсекелестік ортаға 200 млрд теңге беріліп отыр. Бұл үшін белгілі бір өлшем шарттармен 6 жеке басқарушы компания таңдалды, соларға 20 млрд теңгеден 50 млрд теңге аралығында осы 200 млрд қаражат үлестірілді. Алғашқы кезде қор жеке басқарушы компаниялардың жұмысына баға беретін болады, - дейді ол.

Ұлттық банк бағалы қағаздар нарығын жеке басқарушылар арқылы дамытуды көздейді

Оның айтуынша, келесі кезеңде алдағы жылы осы басқарушы компаниялардың жұмысына қарай, келесі кезеңде қор өзінің активтерін сол компаниялардың жұмысына қарай тағы да үлестіретін болады. Яғни активтерді жеке бәсекелестік ортаға беру процесі одан әрі жалғасатын болады. 

Жеке басқарушы компаниялар қордың активтерін осы қордың инвестициялық саясатына сай, соның шеңберінде инвестициялайды. Әрине, активтер бірінші кезекте мемлекеттік бағалы қағаздарға, квазимемлекеттік секторлардің субьектілерінің бағалы қағаздарына және халықаралық қаржы ұйымдарың облигацияларына инвестицияланады. Инвестициялау мерзімі – 3 жыл. Қазақстанның қор нарығы енді дамып жатыр, ондағы ойыншылардың саны шектеулі. Сондықтан олардың санын арттыру мақсатында 200 млрд теңгені толығымен жеке бір басқарушы компанияға емес, 25%-на жеткізбестен, барынша кең көлемде жеке басқарушы компанияларға таратуға тырыстық. Бүгінгі таңда олардың алтауы таңдап алынды. Енді олар қордың берген ақшаларын тиімді пайдаланып, инвестициялауға тырысады, - дейді  Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ресми өкілі Айбота Жаппарберген.

Өзгелердің жаңалығы