Ұлттық жоба шеңберінде ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты 2 есеге ұлғаяды

18 Қазан 2021, 13:29
6774
Бөлісу:
Ұлттық жоба шеңберінде ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорты 2 есеге ұлғаяды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады. Оның айтуынша, агроөнеркәсіп кешені бойынша Ұлттық жоба алдағы 4 жылды қамтитын болады.

12 қазан күні өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамытуға бағытталған Ұлттық жоба бекітілгені белгілі. Аталған құжат Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, күш пен ресурс жұмылдыруды талап ететін нақты, негізгі міндеттер мен жобаларды шешуді көздеп отыр. Ұлттық жобаны әзірлеу кезінде агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, бұрынғы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу қорытындылары ескерілді, - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрі.

Сондай-ақ Ұлттық жобаны әзірлеуге БҰҰ қарасты халықаралық FAO азық-түлік қйымының сарапшылары, салалық одақтардың, қауымдастықтардың, ғылымның өкілдері тартылған.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Ұлттық жобаның мынадай негізгі міндеттері айқындалды. Бірінші, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру. Екінші міндет бойынша, Қазақстанның отандық өндірістің негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етіледі. Үшіншіден, өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту көзделген. Төртіншіден, 7 ірі экожүйе қалыптастыру және инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру, - деді ведомство басшысы.



Өзгелердің жаңалығы