Ұлттық жоба ретінде қарау керек. Депутат қуғын-сүргін құрбандарының тізімін жасау туралы

9 Сәуір 2021, 16:46
2019
Бөлісу:
Ұлттық жоба ретінде қарау керек. Депутат қуғын-сүргін құрбандарының тізімін жасау туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісі кезінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы саяси қуғын-сүргін құрбандарының толық тізімін жасауға қатысты пікір білдірді.

Мамандардың айтуынша, құжаттарды қайта қалпына келтіріп, құрбандардың толық тізімін жасау мүмкін емес.

Бұл жерде азаматтарымызға айтатыным, әрбіріміздің өз шежіреміз бар. Шежіреде 20-30-жылдарға қарау керек. Егер бүкіл қазақ тізімді ел болып жасамасақ, оны мемлекеттік комиссия шеше алмайды, - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Депутат атқандай, Украина да осындай мәселе бойынша жұмыс жүргізіп, құжаттарын бір жүйеге келтірді.

Мемлекеттік комиссия жұмыс істегенімен, халық та өз естеліктерін, ұсыныстарын айтып, атсалысуы керек. Мұны ұлттық жоба ретінде алып қарамасақ, онда, өкінішке қарай, тізім жасау мүмкін емес. Сондықтан әр азамат өзінің шежіресін қарап, түгендеп шықса, ол да бір үлкен жетістік болады, - деді депутат брифингте.

Оның сөзінше, мемлекеттік комиссия әр отбасының тізімін жеке аша алмайды. Себебі ол статистика ретінде жасалған.

Сондай-ақ депутат бұл жалпыұлттық үлкен жұмыс екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы