Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен кетті

30 Мамыр 2021, 21:04
1221
Бөлісу:
Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов facebook-тегі парақшасында қызметінен кететіні туралы жазды.

Достар, осымен ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директоры лауазымынан өз еркіммен кетемін. 7 жыл бойы мемлекеттік салада қалтқысыз қызмет еттім... енді басқа белестерді бағындырар уақыт келді, - деп жазды ол.
Ол қызмет ету саласын өзгерткісі келетінін жазған екен. 
Кез келген уақытта мені қолдауға дайын болған достарыма алғысым шексіз. Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлына түрлі сынға қарамай, мені осы жауапты лауазымға тағайындап, сенім білдіргені үшін рақметімді айтамын! Халыққа адал қызмет ету мақсатында және сіздердің көңілдеріңізді қалдырмау үшін білімім мен машықтарымды Орталықтың игілігі жолында қолдануға тырыстым. Білім саласындағы басқа да жауапты басшылық лауазымдарды ұсынғаныңызды жоғары бағалаймын! Бірақ мен қызмет ету саламды сәл өзгерту қажет деп шештім. Иә, ҰБТ мен үшін аяқталған жоқ: осыдан кейінгі жұмысымды министрдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша штаттан тыс кеңесшісі ретінде жалғастыра бермекпін (қандай да бір төлемсіз). Достар, ҰБТ-ны бірге әділ етейік, - деп жазды Смағұлов.


Өзгелердің жаңалығы