Ұлттық кеңестің құрамы жаңартылды

18 Қаңтар 2021, 18:25
1764
Бөлісу:
Ұлттық кеңестің құрамы жаңартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрамында ротация жасалды. Бұл туралы Ақорданың Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

Ұлттық кеңестің жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері:

- «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Умаров;

- ADAL партиясы саяси кеңесінің мүшесі - хатшысы Эльдар Жұмағазиев;

- StopFake.kz жобасының жетекшісі, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Александр Данилов;

- Ақтөбе қаласындағы «Тандем» телерадиокомпаниясының бас директоры Тәттігүл Талаева;

- «Team Qazaqstan» жастар қозғалысының белсендісі, білім мәселелері жөніндегі сарапшы Қайсар Тұрсынқожа;

- Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Лаура Демесінова тартылды. 

Ротация аясында Ұлттық кеңес құрамынан А.Қожахметов, Ш.Мұқан және Е.Тұрсынов шығарылды.

Ұлттық кеңес құрылғаннан бері бір жарым жыл ішінде оның бастамаларын іске асыру шеңберінде 10 заң қабылданды және тағы 7 заң қарастырылуда. 

Қазіргі уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына дайындық жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы