Ұлттық домбыра күні. Көлгінов ерекше челлендж бастады

4 Шілде 2021, 22:38
4342
Бөлісу:
Ұлттық домбыра күні. Көлгінов ерекше челлендж бастады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ұлттық домбыра күніне орай астаналықтарды мерекемен құттықтай отырып, тамаша челленджге қатысуға шақырды.

Бүгін Ұлттық домбыра күнін атап өтіп жатырмыз. Домбыра — музыкалық мәдениетіміздің басты символы. Халқымыз салт-дәстүріміз бен мәдени құндылықтарымызды, қуанышы мен қайғысын қара домбыраның шанағынан төгілген үн арқылы жеткізіп отырған - деп жазды қала басшысы өз парақшасында.

Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова секілді өзге де композиторлардың күйлері жадымызда мәңгі сақталмақ. 

Олардың туындылары ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. Елбасы атап өткендей, домбыра — қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл болмыс-бітімі. Бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған концертте Мемлекет басшысы домбыра әуені еліміздің барлық этностарын біріктіріп, рухани бірлікке жетелейтінін атап өтті - деді ол.

Елорда басшысы сонымен қатар, жан-жақты дамуымыз өте маңызды екенін айтты. 

Жастарымыздың ұлттық аспапта ойнауға деген қызығушылығы мен ерекше ықыласы қуантады. Сазгер Ренат Гайсинмен бірге белгілі композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындадық. Елорда тұрғындары мен өз әріптестерімді челленджге белсене қатысуға шақырамын! Ұлттық күйлерімізді орындайық! - деді Алтай Көлгінов.


Өзгелердің жаңалығы