Ұлттық бюджеттің 48%-ы әлеуметтік салаға бөлінеді. Депутат отбасы саясаты туралы айтты

20 Мамыр 2021, 15:40
1688
Бөлісу:
Ұлттық бюджеттің 48%-ы әлеуметтік салаға бөлінеді. Депутат отбасы саясаты туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ляззат Сүлеймен ОКҚ-да өткен брифингте отбасы саясатын дамытуға қатысты айтты.

Егемендік алғалы бері Қазақстанда отбасы саясатын дамыту саласында айтарлықтай қадамдар жасалды. Отбасының әл-ауқатын жақсартуға, ана мен баланың құқығын қорғауға, демографиялық өсуді ынталандыруға және көпбалалы отбасыларды қолдау үнемі назарда. Осы ретте ұлттық бюджеттің 48%-ы әлеуметтік салаға бөлініп отыр, - деді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауларында отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғамды құру мәселелеріне көңіл бөліп, қолдау көрсетіп келеді.

Қазіргі уақытта республикада 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр. Бұл құжаттың бір бағыты – осы отбасылық саясат. Яғни қоғамдағы үздік отбасылардың дәстүрлерді сақтау мен дамыту, отбасы институтының беделін арттыру, дені сау және адамгершілігі мол ұрпақты тәрбиелеу, отбасылық мәдениетті дамыту. Осы мәселелер мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және барша азаматтың алдына қойылып отыр, - деп түсіндірді Ляззат Сүлеймен.

Оның сөзінше, бізде қоғамда, мысалы бір отбасында қиын жағдай, тәртіпсіздік болса, онда оны бүкіл ел біледі.

Ал біздің елімізде миллиондаған жақсы тәрбиелі, тәртіпті отбасылардың бар екені бір жамандықтың көлеңкесінде қалған сияқты көрінеді, - дейді депутат.
Өзгелердің жаңалығы