Ұлттық банк ақша-кредит талаптарын жеңілдету жөнінде шешім қабылдауға дайын – Досаев

7 Қыркүйек 2021, 09:54
1768
Бөлісу:
Ұлттық банк ақша-кредит талаптарын жеңілдету жөнінде шешім қабылдауға дайын – Досаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.

Біздің бірлескен жұмысымыздың негізгі бағыттары бюджеттің мұнайға жатпайтын тапшылығын одан әрі төмендету, тауарлар мен қызметтердің шикізатқа жатпайтын экспортының көлемін ұлғайту, сондай-ақ азық-түлік тауарларын тұтынудағы импорт үлесін төмендетуге бағытталған, - деді ол.

Досаев айтқандай, өз өкілеттіктері аясында ақша-кредит саясатының 2030 жылғы дейінгі стратегиясына сәйкес шамадан тыс өтімділікті қысқарту үшін Ұлттық банк 2025 жылға дейін экономиканы қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларынан кезең-кезеңіментолық шығуға ниеттеніп отыр.

Ұлттық банк баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады. Үкімет тарапынан ұсынылған инфляцияның монетарлық емес факторларын төмендету шаралары тиімді іске асырылған жағдайда Ұлттық банк баға тұрақтылығына қол жеткізуді ескере отырып, ақша-кредит талаптарын жеңілдету жөнінде шешім қабылдауға өзінің дайын екендігін растайды, - деді ол.

Досаев Мемлекет басшысының инфляцияны2022 жылы 4-6% нысаналы дәлізге және 2023-2024 жылдары 4-5% нысаналы дәлізге енгізу жөніндегі тапсырмаларын орындауға шаралар кешенінің барлығын толыққанды іске асыру нәтижесінде қол жеткізілетінін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы