Ұлт ұялатын әрекеттерге бармау керек: Депутат киіз үйде жалаңаш билегендер туралы

28 Маусым 2024, 16:32
691
Бөлісу:
Ұлт ұялатын әрекеттерге бармау керек: Депутат киіз үйде жалаңаш билегендер туралы
VIDEO
Фото: BAQ.KZ -архив

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еркіндік дегеніміз – ол шектен шығу емес. Осыны түсіну керек. Еркіндік ессіздікке қарай ауыспауы керек. Сан ғасыр бойы қазақтың киіз үйінде өсіп-өркендеген ата-бабаның ұрпағымыз ғой. Қасиетті киіз үй – ол біздің ұлттық құндылығымыз. Сондықтан ұлттық құндылығымызға құрмет болуы керек. Жалаңаштанып келіп, киіз үйдің төрінде сайтан секіргендей, жын ойнақ құрып жатса, біздің ұлттық намысымызға тиеді ғой.., - деп айтты Әлтай.

Депутат оған тыйым салу керегін айтты.

Мұндай болмауы керек. Еркіндіктің де өз нормасы, өз жолы, өз жөні бар. Еркіндік деп ессіздікке, осындай ел ұялатын, ұлт ұялатын әрекеттерге бармау керек деп есептеймін, - деп пікірін білдірді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде жартылай жалаңаш билеген ЛГБТ өкілдерінің ролигі тараған болатын.

Кейін Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев желіні шулатқандарға шара қолданылуы қажет екенін айтып, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сауал жолдады.

Өзгелердің жаңалығы