"Ұлт ұстазы" атағы - 10 мың теңге. Әлтай награда сататындар көбейіп кеткеніне алаңдады

14 Ақпан 2024, 11:24
764
Бөлісу:
"Ұлт ұстазы" атағы - 10 мың теңге. Әлтай награда сататындар көбейіп кеткеніне алаңдады
Фото: скрин

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай арзан атаққа алданғандар мен жеңіл жолмен пайда тапқыш, атақ сатқыштар көбейіп бара жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутат осы мәселеге қатысты сауалын Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға бағыттады.

Жеке адамдардың тойларында да жалған атақтар мен құнсыз сөлкебайларды жыртыс таратқандай үлестіріп жататын келеңсіз көріністерге көңілің құлазиды. Мысалы, сіз 50 мың теңгеге пысықай ұйымның атынан "Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері" медаліне, ал 100 мың теңгеге "Қазақстанның құрметті азаматы" атағына ие боласыз, - дейді ол.

Депутаттың сөзінше, сан ғасырлық елдік тарихымызда "Ұлт ұстазы" деп халық ұсынған сәулелі сөзді қастерлеп Ахмет Байтұрсынұлына ғана қолданатын едік.

Ал қазір "Ұлт ұстазы" деген атақты бар болғаны 10 мың теңгеге сатып ала саласыз. Академик дегенде көз алдымызға Қаныш Сәтбаев секілді ғұлама ғалымдар елестеуші еді, қазір 200 мың теңге беріп, қаптаған түсініксіз академиялардың жалған академикгі бола саласыз, - деді депутат.

Депутат Аманжол Әлтай Мемлекеттік рәміздердің элементтерін, мемлекеттік наградалардың және атақтардың атауын қайталайтын әрекеттерге құқықтық тосқауыл қою керегін ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы