Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үлкен ауылының тұрғындары екінші АЭС құрылысын қолдайды

Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Үлкен ауылында Қазақстанның екінші атом электр стансасының құрылыс алаңын талқылауға арналған қоғамдық тыңдаулар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Талқылау барысында мамандар Атом энергиясы агенттігі мен «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бірлесіп жүргізген талдаудың нәтижелерін ұсынды. Зерттеу энергетикалық қажеттілікті, геологиялық жағдайларды, электр желісі инфрақұрылымының дайындығын және қарқынды дамып келе жатқан экономиканы тұрақты энергиямен қамтамасыз ету перспективаларын бағалауды қамтыды. Осы деректердің негізінде Ведомствоаралық комиссия екінші АЭС-ті орналастыру ауданы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын ұсынды.

Тыңдауға қатысушыларға жобаның техникалық ерекшеліктері, заманауи қауіпсіздік талаптары және болжанатын әлеуметтік-экономикалық нәтижелер туралы жан-жақты ақпарат берілді. ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ядролық энергетика департаментінің директоры Гүлмира Мұрсалованың атап өтуінше, станцияда «көптеген деңгейлі резервтеу қағидаты бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, пассивті және активті қорғаныс жүйелерін үйлестіретін 3+ буын реакторлары» қолданылмақ. Оның айтуынша, мұндай технологиялар әлемдік қауымдастық тарапынан экологиялық және қауіпсіз ретінде танылған.

Жобаның өңір үшін пайдасы туралы ҚР Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің қазақстандық қамту департаментінің директоры Данияр Жансейтов та айтты.

Екінші АЭС-тің құрылысы жергілікті өндірістің айтарлықтай дамуына ықпал етіп, шағын және орта бизнестің өсуіне жағдай жасайды. АЭС-тегі бір жұмыс орны экономикадағы байланысты салаларда 10 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, – деді ол.

Талқылау барысында жергілікті тұрғындар станция құрылысына қолдау білдіріп, жобаның энергия тапшылығын шешу және инфрақұрылымды дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

Біз екінші АЭС-тің құрылысын қолдаймыз, өйткені ол халқымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, жұмыс орындарын құрады және энергиямен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектеседі. Жоба инфрақұрылымның дамуына үлес қосып, болашақ ұрпақ үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді, – деп мәлімдеді Жамбыл аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бағдат Байшалұлы Әлиев.

Тыңдаулардың қорытындылары Алматы облысының мәслихатына қарауға жолданады. Екінші АЭС бойынша талқылау Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін күшейту жөніндегі мемлекеттік стратегияны іске асырудың кезекті қадамы ретінде қарастырылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы