Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында «Алматы-Көктал-Байсерке-Междуреченский» автожолының 30+250 км учаскесінде Үлкен Алматы өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.
«Қазавтожол» АҚ-ның мәліметінше, ұзындығы 700 метрді құрайтын көпір Н.Тілендиев елді мекеніне дейін жетеді. 1972 жылы салынған ескі көпір былтыр жүк көлігінің әсерінен құлаған еді.
Құрылыс барысында отандық өндірушілердің материалдары қолданылған. Жаңа көпірдің құрылысы аясында жолшылар көпірдің жол жабынын толық ауыстырып, конустарды бекітіп, су бұру желісін орнатқан.
Жұмыстардың нәтижесі бойынша, жол жабыны ІІІ-техникалық санатқа және қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкестендірілді.