Үлескерлерді алдап кеткен. Құрылыс салушылардың мүлкі мемлекетке қайтарылды

18 Қазан 2023, 13:07
531
Бөлісу:
Үлескерлерді алдап кеткен. Құрылыс салушылардың мүлкі мемлекетке қайтарылды
Фото: Прокуратураның баспасөз қызметі

Елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына жосықсыз құрылыс салушылардың мүлкін тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ден қою актілері негізінде мемлекет меншігіне жосықсыз құрылыс салушылардың жер учаскесімен бірге 5 қабатты ғимарат, 7 тұрғын емес үй-жайлар өтті.

Бұл шаралар проблемалық объектілерді салуға жұмсалған бюджет қаражатын толықтыруға мүмкіндік берді.

7 талап қою арқылы 100-ден астам үлескердің құқықтары қорғалды.

Алданған азаматтардың объектілері құрылыс салушылардан тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне берілді, бұл олардың құрылысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы