Үлескерлер жыры. Елімізде 7 мыңға жуық алданған салымшы бар

2 Ақпан 2024, 09:20
703
Бөлісу:
Үлескерлер жыры. Елімізде 7 мыңға жуық алданған салымшы бар
Фото: BAQ.KZ - архив

Сенатор Шиповских жөн-жосықсыз құрылыс салушыларды қатаң жазалауды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы 3 жылда 45 қылмыстық іс қозғалған және 4700-ден астам үлескер зардап шегіп отыр. Сенатор Геннадий Шиповских өзінің депутаттық сауалында құрылыс ұйымдарымен жасалған шарттардың орындалмауы мен шағымдар туралы деректерді келтірді. Депутаттың айтуынша, жосықсыз құрылыс салушылардан зардап шеккендердің басым бөлігі Астанада – 1 282 адам, Қарағандыда – 961 адам, Ақтөбеде – 657, Атырауда – 631 және Алматыда – 360 адам болып отыр.

Депутат 2019-2022 жылдар аралығында елордада проблемалық объектілердің құрылысын аяқтауға Ұлттық қордан 60 млрд теңге және республикалық және жергілікті бюджеттерден 154,6 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. Осылайша, мемлекеттің қатысуымен елордада 120 проблемалық тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Алайда бүгінде елімізде 7 мыңға жуық алданған салымшы бар, оның 4 мыңнан астамы Астанада тұрады.

Соңғы екі жылда құқық қорғау органдары заңсыз қаражат жинағаны үшін 300-ден астам компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартып, оларға 250 млн теңгеге айыппұл салыпты. Яғни, орта есеппен алғанда, бір компанияға 800 мыңнан сәл асатындай айыппұл салынған. Бұл дегеніңіз бір пәтердің 2 шаршы метрінің бағасы ғана. Ал, келтірілген залал 30 млрд теңгеден асты. Айыппұл – 250 миллион, залал 30 миллиард. Бұл парадокс емес пе?,- деді сенатор.

Сенатор Геннадий Шиповских осыған байланысты Үкімет басшысына өзінің бірқатар ұсыныстарын жолдады.

Үлескерлерге келтірілген шығындар күдіктілер есебінен толық өндірілмей, көпшілігі мемлекет тарапынан өндірілуде. Осы мәселені ескере отырып, құрылыс компанияларына қойылатын талаптар мен мемлекеттік бақылауды күшейту қажет. Құрылыс компанияларына іс қозғалған сәтте сол компанияларды жарнамалап жүрген түрлі блогерлер мен танымал тұлғалардың да жауапкершілігін арттыру қажет, - деді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы