Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Семейный» тұрғын үй кешені. Атауы жағымды естілгенімен, бұл баспанаға жүздеген отбасы қол жеткізе алмай отыр. Бүгінгі тақырып – үлесін құйса да, қоныс тойын тойлай алмай жүрген үлескерлер проблемасы.
Үлескер Рүстем Мамыр
Басы
Ақысына... сөз есту
Әкімдік жағалау
Паң директор
«Құрылыс компаниясының басшысы болса - еркіндікте жүр, телефонын алмайды, бізді керек те қылмайды. Ол өзіміз құрған бастамашыл топтың бір-екі мүшесімен ғана сөйлеседі, басқаларына жауап бермейді. Ылғи «қолымыз бос емес» дейді. Мысалы біз бүгінгі күні - кешенде нақты қанша пәтер, қанша автотұрақ, қанша коммерциялық бөлме бар екенін білмейміз. Бізге бұл туралы ақпарат берілмейді. Ал біз - өз баспанамыздың меншік иесіміз. Ештеңені ұрлап алған жоқпыз. Біз маңдай терімізбен тапқан адал ақшамызға сатып алдық. 100 пайыз төледік. Төледік деген құжаттың, келісімшарттың бәрі қолымызда бар».
Жылатқан сапа
Елорда тұрғынының айтуынша, «Жағалау» аумағы, Тұран көшесінде орналасқан бұл үйде заң бұзушылықтар өте көп. Құрылыс сапасы да оңып тұрған жоқ. Үлескер «Sat Construction Group» ЖШС кешеннің сыртын кәмпит құсап әдемілеп қана қойған дейді. Бірақ тұрғын үйдің үсті, шатырының жағдайы нашар. Балаларға арналған алаң жоқ. Сырты абаттандырылмаған, ішін де дұрыс жөндемеген.

«Негізі пәтер әрленбеген ғой, бірақ олар әрленген деп айту үшін қабырғаны ақ түсті сапасыз затпен бояп қойған. Мен кемшіліктер көп екенін байқадым. Мысалы, электр қуаты қалай болса солай тартылған. Мен электр құрылғыларының қалай тартылатынын, кірпіштің қалай қаланатынын білемін. Баспанамның қабырғалары қисық. Араларында 1,5-2 сантиметр айырмашылық бар. Келісімшарт бойынша пәтер биіктігі 2 метр 80 см болуы тиіс. Ал шын мәнінде биіктік 2 метр 65 см-ді ғана құрайды. Және де, ең үлкен заң бұзушылық – жобаға сәйкес кешен 9 қабатты болуы тиіс. Ал олар үстіне тағы бір қабат қосып қойып, оны техникалық қабат дейді. Бірақ ол техникалық қабат емес, ол жердегі пәтерлер адамдарға сатылып кеткен. Тіпті, құрылыс компаниясы бір пәтерді екі адамға сатқан екен. Қазір сондай 18 оқиға бар деп естідік. Осылайша барлығы үйімізден барынша ақша жасап, бізді алдап отыр. Ал тұрғын үйдің айналасын қоқыстан тазартуға шамалары жетпейді. Кешен салына бастаған 2014 жылдан бері Sat Construction Group басшылығы үш рет ауысқан. Бұл – олардың стратегиясы. Ол жерді алаяқтық жайлаған», - деді тұрғындар атынан сұхбат берген Рүстем Мамыр.
Бюрократиялық квест
Астаналық азамат өз сөзінде - үлескерлер осы уақыт бойы қол қусырмай, құқық қорғаушылар мен мемлекеттік органдардан көмек сұрап келе жатқанын айтты. Бірақ проблема әлі шешімін таппаған.
Жалғасы. Ашылмалы-жабылмалы қылмыстық іс
Нақты әрі бұлыңғыр жауап
Осыған орай, редакция Sat Construction Group құрылыс компаниясымен және мердігер ұйыммен байланысуға тырысты. Құрылыс компания басшылығымен тілдесу мүмкін болмады. Дегенмен Sat Construction Group-тің тапсырысын орындаушы - мердігер ұйыммен байланысқа шықтық. Бас мердігер - «Востокстройзаказ» ЖШС директорының Құрылыс жөніндегі орынбасары Арман Икласбаев қазір нысанда қызу жұмыс жүріп жатыр дейді.
«Абаттандыру жұмыстарын аяқтап қалдық. Балаларға арналған ойын алаңдарын жасап жатырмыз. Қазір әрлеу жұмыстарын, ішкі жұмыстарды да жасаудамыз, оларды осы айда аяқтаймыз деп ойлаймын. Бізге кедергі келтіріп отырған жалғыз нәрсе – сыртқы жұмыстар, әсіресе биіктіктегі жұмыстар. Бірақ оны да біртіндеп жүргізіп, қыркүйек айында бітіруді жоспарлап отырмыз. Менің ойымша, біз барлық жұмыстарды қыркүйекте аяқтаймыз... Бізге Техникалық қадағалау органы келіп, ескерту жасап, журналға жазып кетеді. Біз оны түзеу үшін жұмыс жасаймыз. Одан кейін ГАСК (Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы – автор ескертпесі) келіп тексереді, әкімдіктің адамдары келеді. Бізді қадағалайтын органдар көп. Әрине, онсыз болмайды. Ал кейбіреулердің бір кемшілікті көруі, мысалы бір жер боялмай қалса, бәрібір бұндай нәрсе жұмыс барысында болады. Біз оның бәрін соңына дейін жеткізіп жасаймыз... Он қабатты үй толығымен адам тұруға арналған. Бізге 9-10 қабат жөнінде сұрақ қойылған. Бұл жайлы білгіңіз келсе, әкімдікке, ГАСК-ке барыңыз, біздің қол қойылған құжаттарымыз бар, барлығы келісілген», - деп жауап берді тілшіге Арман Икласбаев.
Жаңа әкімнен үміт
Материал әзірленіп жатқанда үлкескер Рүстем Мамыр хабарласып, жаңалығымен бөлісті.

Ол: «Бірер күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі Алтай Көлгінов "Семейный" ТК үлескерлерімен және Sat Construction Group құрылыс компаниясының өкілдерімен кездесті. Әкім Құрылысшыға тұрғын үй кешенінің құрылысын биылғы қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Бұған қоса, жұмыс барысы әкімдіктің тұрақты бақылауында болатынын айтты. Күмәніміз басым болса да, жаңа әкімге сенім артамыз» деді.
Ал бұл жаңалықтарға дейін редакциямыз елорда әкімдігіне ресми сауал жолдап, төмендегідей жауап алған еді.
Әрі қарай. Соттың оты
Бұған қоса, құрылыс салушы «Тұрғын үй құрылысындағы үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшін, нақтыласақ, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз үлескерлердің ақшасын тартқаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексінің 320-бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.