Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің әскери жасағы елорданың Сарыарқа ауданында патрульдеу қызметінде жүріп, жалғыз өзі жылап тұрған баланы байқайды, деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
Бала үлкен әпкесімен қалалық әкімдік маңындағы сырғанақта ойнап жүрген екен. Кейін оны көзден таса қылып алғанын айтады. Өз бетінше әпкесін іздегенімен, таба алмаған көрінеді. Сол кезде оған көмекке ұландық жауынгерлер келіп, жақындарын іздеу жұмыстарына кіріседі, - делінген хабарламада.
20 минут ішінде әскерилер баланын әпкесін тауып, әскери жасақтар бойынша кезекші лейтенант Абылай Тоқтанмен оларды ата-аналарына жеткізіп тастайды.