Ұлан Жазылбек Жаңатастағы өртке қатысты әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жасады

20 Ақпан 2021, 13:18
2293
Бөлісу:
Ұлан Жазылбек Жаңатастағы өртке қатысты әлеуметтік желі қолданушыларына үндеу жасады

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек өңірлік коммуникациялар қызметінінің алаңында Жаңатаста болған өрт оқиғасына қатысты өткен брифингте айтты.

Ата-аналарға оңай емес, өте қиын. Әлеуметтік желілердің қолданушылары, қойыңыздар! Жалған ақпарат бермеңіздер. Қайғыға ортақтасатын жағдайларыңыз бар. Біз болашақта осындай оқиғалар орын алмауы үшін үшін өз тарапымыздан барлық мүмкіндікті жасаймыз. Қайғырып көңіл айтамыз, мұндай оқиға енді болмасын, - деді Жазылбек. 

Айта кетейік, 19 ақпанда Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында сағат 15.15-те 2 шағын ауданда 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы көлемі 16 шаршы метр пәтерде өрт шықты.Пәтерде ата-ананың қарауынсыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған балалар қаза болды.

Өзгелердің жаңалығы