"Украинаны қолдау керек": Словакия халқы билікке қарсы ереуілге шықты

22 Наурыз 2025, 02:35
395
Бөлісу:
"Украинаны қолдау керек": Словакия халқы билікке қарсы ереуілге шықты
Фото: REUTERS/Radovan Stoklasa

Словакия астанасында үкіметке қарсы наразылық шаралары өтіп, оған 10 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Словакиялық TV Noviny сайтының мәліметінше, наразылық акцияларын "Мир Украине" бастамасымен "Демократтар" саяси партиясы ұйымдастырған.

Наразылық шаралары "Словакия – бұл Еуропа" желеуімен 30-дан астам қалада өтті. Акцияда премьер-министр Роберт Фицо басқаратын министрлер кабинетінің отставкаға кетуі талап етілді.

20 наурызда Фицо Украина үшін қару-жарақ құралдарын жинау бойынша жоспарға қатыспайтынын мәлімдеген болатын.

Брюссельдегі ЕО саммитінің қорытындысы бойынша жарияланған бейнеүндеуде ол ЕО дипломатия басшысы Каи Калластың Украина үшін қару-жарақты қаржыландыру жоспарынан бас тартты.

Өзгелердің жаңалығы