Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы қақтығыс басталғалы 7 миллионнан астам украиналық шетелге босып кеткен. Бұл мәліметті Біріккен ұлттар ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы таратты, деп жазды Хабар24.
Оқи отырыңыз:
Өз елінен бас сауғалап қашқандардың көбі Польшадан пана тапқан. Жалпы Еуропа елдерінде босқын мәртебесін шамамен 5 миллион адам алған. Олардың дені әйелдер мен балалар.
Естеріңізге сала кетейік, Украина билігі 60 жасқа дейінгі азаматтарды елден шығармайды. Өйткені олар әскерге шақырылуы мүмкін.