Украинадағы Жоғарғы Радаға алты партия өтеді – парламенттік сайлауға қатысты болжам

21 Шілде 2019, 18:28
1934
Бөлісу:
Украинадағы Жоғарғы Радаға алты партия өтеді – парламенттік сайлауға қатысты болжам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Украинада Парламент депутаттарын сайлау науқаны өтіп жатыр, деп жазды 24.kz.

Мемлекеттің Орталық сайлау комиссиясы депутаттыққа алты мыңға жуық үміткерді ресми тіркеген. Елдегі сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс жасайтын болады. 

рр.jpg

Фото: дереккөз

Сайлау аралас жүйе бойынша жүзеге асады: 225 депутатқа халық жабық тізім бойынша дауыс береді, қалған 199 халық қалаулысын мажоритарлық жүйе бойынша сайлайды. 

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы 22 саяси партияның бәйгеге түсетінін мәлімдеген. Елдегі түрлі әлеуметтік сауалнама Жоғарғы Радаға шамамен алты саяси күштің өтетінін болжайды. 

Атап өту керек, Парламентке кем дегенде халықтың 5% дауысын жинай алған партия өте алады. Украина Жоғары Радасы 450 депутаттан тұрады.

Өзгелердің жаңалығы