Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Ресей Президенті Владимир Путинмен болған әңгіме жайында twitter-де пікір білдірді.
Президент Владимир Путинмен сауда-экономикалық қатынастарды дамыту мәселелері жөнінде сөйлестім. Украинадағы жағдай бойынша келіссөздер арқылы келісімге келу аса маңызды екенін айттым, – деп жазды Тоқаев.