Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада орын алған оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі біздің азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Украинадағы Қазақстан азаматтары Киев қ. Ильенко к-сі, 26 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Елшілігіне немесе +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58 «жедел желі» телефондары арқылы жүгінсе алады.
Біздің отандастарымыз Харьков (консулдық округ – Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынская, Закарпатская, Ивано-Франковская, Ровно, Тернопольская, Хмельницкая, Черновецкая және Львов облыстарын қамтиды), Одесса (Николаевская, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады.