Украинаның Львов қаласында Түркия мен Украина президенттерінің және БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен өткен үшжақты келіссөздер аяқталды.
Бұл туралы ТиАрТи Уорлд ((TRT WORLD)) телеарнасы хабарлады, деп жазды «Хабар24».
Келіссөздер шамамен 40 минутқа созылды және жабық форматта өтті. Тараптар бидай экспортын, Ресей-Украина дағдарыс шешу жолдарын талқылады.