Алматы, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Украинада 2905 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған. Бұл туралы аталған елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, қыркүйектің 15 күнгі дерек бойынша вирус жұқтырғандар саны кешегіге қарағанда анағұрлым жоғары, кеше 2 462 адамнан вирус анықталған. Пандемия басталғалы вирус жұқтырғандар саны 159 702 адамды құрады.Соңғы тәулікте коронавирустан 53 адам көз жұмған. Жалпы қайтыс болғандар саны – 3 264. Вирус елдің Тернополь, Харьков, Одесса облыстары мен Киевте кең тарауда.