Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты

2 Мамыр 2020, 19:24
1208
Бөлісу:
Украинада коронавирус жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Украинада коронавирусты жұқтырған тағы 550 адам анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Бұл елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 11 411-ге жетті. Соңғы кезеңде 7 адам көз жұмды. Жалпы, қауіпті індеттің салдарынан қайтыс болғандар саны - 279. Тағы 85 науқас жазылып шықты. Украинада барлығы 1 498 адам сауығып шыққан.

Ал, Ресейде COVID-19 инфекциясы тағы 9 623 адамнан анықталды. Жақында бұл елде коронавирустан 57 адам қайтыс болды. Бұған қоса, бір тәулікте 1 793 адам ауруынан толықтай айығып шықты. Мұнда 85 өңірде 124 054 адам вирусты жұқтырған. Қайтыс болғандардың жалпы саны 1 222-ні құрап отыр, жазылып шыққандар саны 15 013-ке жетті.

Өзгелердің жаңалығы