Украина Жеңіс күнін атап өтпейді

29 Ақпан 2020, 17:20
1924
Бөлісу:
Украина Жеңіс күнін атап өтпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина 9 мамырда Жеңіс күнін атап өтпейді. Бұл туралы "Украина 24" телеарнасы сұхбат берген сыртқы істер министрі Вадим Пристайко мәлімдеді.

Қазір біздің позициямыз қалай бар, солай қалып отыр: жоқ, біз 9 мамырды атап өтпейміз. Біз еуропалық континент секілді 75 жылдан кейін бұл трагедияның не үшін болғанын түсінуге дайынбыз және бір-бірімізді кешіруге дайынбыз. Біз тойлаудың дәл осы тарапқа кеткенін дұрыс деп санаймыз, - деді Украина сыртқы істер министрі Вадим Пристайко.
 



 

Өзгелердің жаңалығы