Украина Қазақстандағы елшісін қызметінен босатты

19 Қазан 2022, 10:29
1211
Бөлісу:
Украина Қазақстандағы елшісін қызметінен босатты

Украина президенті Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Бұл туралы Президенттің сайтында жарияланған Зеленскийдің Жарлығында айтылған.

Петр Юрьевич Врублевский Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын, - делінген Жарлықта.

2022 жылдың тамызында әлеуметтік желілерде жарияланған видеода Врублевский, Ресей-Украин қарым-қатынасына байланысты пікірін білдірген болатын.

Петр Врублевскийдің орнына кім тағайындалатыны әзір белгісіз.

Өзгелердің жаңалығы