Украина президенті жаппай мобилизация туралы қаулы қабылдады

25 Ақпан 2022, 11:40
1565
Бөлісу:
Украина президенті жаппай мобилизация туралы қаулы қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Украинада жалпыға бірдей мобилизация басталғаны жайлы жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Украина басшысының ресми сайтында хабарланды.

Қаулыға сәйкес, 90 күн ішінде мобилизация Винницк, Волынск, Днепропетровск, Донецк, Житомир, Закарпат, Запорожье, Ивано-Франков, Киев, Кировоград, Луганск, Львовск, Николаевск, Одесса, Полтава, Ровенск, Сумск, Тернополь, Харьков, Херсонск, Хмельницк, Черкасск, Черновицк, Черниговск облыстары мен Киев қаласында жүргізіледі.

Сонымен қатар Зеленский Жоғары бас қолбасшы міндетін өзіне алды.

Украина президентінің мәлімдеуінше, елдің 137 азаматы көз жұмған. Оның ішінде 10 офицер. 316 адам жарақат алған.

Өзгелердің жаңалығы