Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Украина бойынша келісім жасалмаса, АҚШ-тың әрекеті қандай болады?

23 Тамыз 2025, 07:10
719
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Америка көшбасшысы Дональд Трамп Украина бойынша келісімге қол жеткізілмесе, АҚШ қандай шара қолданатынын анықтайтынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол 22 тамыз, жұма күні Ақ үйде журналистерге айтты, деп хабарлайды The Independent.

Кім кінәлі екенін анықтаймын. Себептер болса, түсінемін. Мен не істеп жатқанымды нақты білемін, - деді президент.

Трамп сондай-ақ Ресей мен Украина көшбасшылары Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің болуы мүмкін саммитіне қатысты пікір білдірді.

Кездесу бола ма, көреміз, қызық болады. Болмаса неге кездеспеді? Мен кездесуге шақырдым, - деп түсіндірді ол.

Президент екі аптадан кейін не істеу керектігін білетінін тағы да баса айтты.

Ол "кең ауқымды санкцияларды" қолдану немесе ештеңе істемеу туралы шешімді содан кейін қабылдайтынын атап өтті.

Еске салайық, жұма күні Трамп Ақ үйде журналистерге Ресей президентімен Аляскада түскен суретін көрсетіп, Путиннің 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына АҚШ-қа ұшатынына үміт білдірді. Америкалық көшбасшының айтуынша, оның ресейлік әріптесі оған және АҚШ-қа өте құрметпен қарады, бірақ басқаларға әрқашан олай емес.

Бұған дейін БАҚ хабарлағандай, Трамп Мәскеу мен Киев Ресей Федерациясы мен Украина президенттерінің өздері саммит ұйымдастыруы керек деп санайды және бұл процеске тікелей қатысуға ниетті емес. Соңғы күндері Ақ үй басшысы кеңесшілеріне екі ел басшыларымен үшжақты келіссөздер жүргізу ниеті туралы олар бір-бірімен кездескеннен кейін ғана хабарлағаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы