Украинаға Иранның көлік министрі барады

20 Қаңтар 2020, 16:02
1235
Бөлісу:
Украинаға Иранның көлік министрі барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Министр Зеленскийге Роуханидің украиналық ұшақтың апатына қатысты хат әкеледі.


Иран Украинаға Жол және қалалық даму министрі Мохаммад Эсламиді жіберді. Ол президент Хасан Роуханидің украиналыұ ұшақтың апатына қатысты хатын президент Владимир Зеленскийге беру үшін келеді. Бұл туралы 20 қаңтарда ирандық СІМ өкілі Аббас Мусави хабарлады, деп жазады IRNA.
Иранның жол және қалалық даму министрі Киевке кетті.  Ол президенті Роуханидің украиналық азаматтық ұшақтың апатына қатысты хатын президент Зеленскийге жеткізеді, - деді Мусави 

Сонымен қатар, ол Тегеран маңында болған ұшақ апаты салдарынан қайтыс болған жолаушылардың туыстары мен отбасына көңіл айтты. 

Бұған дейін Иран ұшақтың қара жәшігін Украинаға жіберетінін хабарлады. Киев бұл мәселе бойынша Тегеранға үш рет хабарласты.

8 қаңтарда ирандық әскерилер абайсызда МАУ жолаушылар ұшағын жарып жіберді. 167 жолаушы мен экипаждың 9 мүшесі қаза тапты. 

Жақында бортта болған 11 украиналықтың мәйіті отанына әкелінді.
Өзгелердің жаңалығы