Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Райымбек Баталов баспасөз конференциясында айтты.
Қазіргі экономикалық жағдайда елдегі барлық институтқа бірігіп, Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді бірлесіп орындауға күш салу маңызды. Біз бүкіл бизнесті біріктірген Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде кәсіпкерлер мен нарық қатысушыларына Үкімет және әкімдіктермен барлық аудандық және өңірлік палаталар мен алаңдар арқылы осы процеске белсенді қатысуға шақырамыз, - деді ол.
Сондай-ақ ол агроөндірістік кешендегі жұмыстар туралы айтты.
Біз АӨК және сауда комитеттерімен талқылауды бастадық. Онда нарықтың барлық негізгі қатысушысы бар. Мысалы, қант бойынша бізде салалық сараптама және елдегі қант өндірісін дамытудың ұсыныстар кешені бар. Бұл әзірлемелерді салалық бағдарламасына енгізу үшін бұрын АШМ-ға жібергенбіз, - деді ол.