ҰҚК төрағасы Шекара қызметінің әскери қызметшілерін құттықтады

17 Тамыз 2021, 22:46
2678
Бөлісу:
ҰҚК төрағасы Шекара қызметінің әскери қызметшілерін құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 17 тамызда Шекарашылар күні қарсаңында ҰҚК төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты К.Мәсімов Алматы облысының «Баянкөл» Шекара бөлімшесінде болып, ведомствоның жеке құрамы мен ардагерлерін құттықтап, Отанның қасиетті шептерін күзету жөніндегі жауапты қызметте табыс тіледі.     

Мемлекеттік шекараны сенімді қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету Комитеттің маңызды міндеті болып табылады және ел басшылығының жіті назарында. 

Жаңа қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді ескере отырып, Шекара қызметін реформалау және Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіне интеграциялау жүргізілді.     

1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның шекара қызметін құру туралы жарлыққа қол қою қарсаңында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Алматы облысындағы «Баянкөл» заставасында болды.


Өзгелердің жаңалығы