ҰҚК: Goszakup.gov.kz сайтында 164 млрд теңгеге заңсыз қаржылық операция жасалған

13 Қаңтар 2021, 15:42
1795
Бөлісу:
ҰҚК: Goszakup.gov.kz сайтында 164 млрд теңгеге заңсыз қаржылық операция жасалған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы мамырда «goszakup.gov.kz» мемлекеттік Интернет-ресурсының жұмысын уақытша тоқтатқан «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесіне (Қазақстан Республикасының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының аса маңызды объектісі болып табылады) үйлестірілген кибершабуыл (DDos типті) фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлады ҰКҚ-ның баспасөз қызметі. 

Көрсетілген кибершабуыл салдарынан жалпы сомасы 164 млрд теңгеге 7901 мемлекеттік сатып алу ауыстырылды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, оның ішінде «ЭҚО» АҚ (электрондық қаржы орталығы) жәрдем көрсетуімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде кейіннен артықшылықтар алу мақсатында мемлекеттік интернет-ресурсқа кибершабуыл жасаған ҚР азаматы анықталды. 

Тергеп-тексеру және жүргізілген компьютерлік-техникалық сараптама нәтижелері бойынша адамның кінәсі толық дәлелденді, қылмыс жасау құралдары алынды. 

2020 жылғы 22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен сотталушы ҚР ҚК 207-бабының 2-бөлігі 1-тармағы «Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу» бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айырумен 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жазаланды.


Өзгелердің жаңалығы