Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы бойынша ҰҚКД, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен және Алматы қаласы ПД бірлесіп заңсыз айналымнан «Күзет «МКК» АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі.
Бұл туралы инстаграмдағы Knbgovkz парақшасында жарияланды.
ҚР ҰҚК жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны туралы мәлімет алынды.
Ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған. Ғимаратты тек екі қызметкер күзеткен. Террористік, экстремистік ұйымдар мен қылмыс өкілдеріне оны тиісінше сақтамау туралы ақпарат түскен. Электоралдық кезеңде қауіп-қатерге жол бермеген жағдайда қару арсеналын ұрлау ықтималдығын ескере отырып, алдын алу шаралары қабылданды, - делінген хабарламада.
Нәтижесінде 254 тіркелмеген атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 түрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.