Үкіметтің жұмыс тобы Ақтөбеге келді

14 Наурыз 2019, 14:54
7690
Бөлісу:
Үкіметтің жұмыс тобы Ақтөбеге келді
PHOTO
Фото: автордан

Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова жұмыс сапарымен келді. Вице-премьер бастаған Үкіметтің жұмыс тобы  Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде қойған міндеттері мен тапсырмаларын жүзеге асыру жайында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Үкіметтің жұмыс тобы Ақтөбеге келді

Өңірге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықоваға еріп, аймақтың бұрынғы әкімі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов,Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова мен Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов,Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Қайыр Рыскелдинов келді. Үкіметтің жұмыс тобы алдымен облыс оратлығындағы Халықтық кеңсенің жұмысымен танысты. Вице-премьер жұмыс топтарының өңірлерге сапары мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі тапсырмаларын орындау барысын түсіндіріп жүргенін атап өтті. Әсіресе, Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру бойынша ақпарат береді.

Үкіметтің жұмыс тобы Ақтөбеге келді

«Қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсартуға, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың жағдайын жақсарту Президенттің «Әлеуметтік» қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шаралары аясында жүзеге асырылады»Қаражаттың тиімді пайдаланылуы қатаң бақылауға алынуы шарт. Әр мұқтаж отбасыға бөлінген қаржы жетуі қажет»,-деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова.

Үкіметтің жұмыс тобы Ақтөбеге келді

Ақтөбе облысында 6 мыңға жуық адам атаулы әлеуметтік көмекке ие. 3800-ден көбі ақшалай көмек алады, қалғандары шартсыз ақшалай қолдау тауып отыр. Аймақта 13 мыңнан астам көп балалы отбасы бар. Онда 54 мыңға жуық бала тәрбиеленіп жатыр.

Үкіметтің жұмыс тобы Ақтөбеге келді

«1 шілдеден бастап мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан, бала кезінен 1-топ мүгедектігі бар адамды бағып отырған жандарға мемлекеттік жәрдемақы мөлшері артады. 100 мың азамат үшін жәрдемақы көлемі 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін өседі. Алда көпбалалы отбасыларды жұмыспен қамту шаралары кеңейтіледі»,-деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.

Ауылдық жерлердегі көпбалалы отбасыларға кәсіп ашып, жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік несие беріледі.

Өзгелердің жаңалығы