Үкіметтің қаржылық жоспары орындалмай қалды

17 Желтоқсан 2024, 15:44
1287
Бөлісу:
Үкіметтің қаржылық жоспары орындалмай қалды
Фото: BAQ.KZ архив

Қаржылық жоспардың 82% орындалды. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есептемегенде) 19 трлн теңге түсті немесе жоспар 90%-ға орындалды. Оның ішінде республикалық бюджетке 11,8 трлн теңге немесе жоспардың 82%-ы түсті. Жоспардың орындалмауы салықтар бойынша түсімдердің азаюына (жоспар – 14,3 трлн теңге, нақты – 10,8 трлн теңге, орындалмаған – 3,5 трлн. теңге) байланысты болды, ол 76%-ға атқарылған, – деді министр Үкімет отырысында.

Жоспар неге орындалмады?

Себеп төмендегідей:

- өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 айда 3-інші елдерден импорт көлемінің 6,4%-ға немесе 2,3 млрд долларға азайды;

- негізгі экспорттық металдарға бағаның төмендеуі болып отыр. Өз кезегінде 602 ірі салық төлеуші бойынша аванстық төлемдер сомасы 27%-ға немесе 267 млрд теңгеге азайды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтару 2,5 есе ұлғайып, 981 млрд теңгеге жетті. Соған қарамастан, салықтар бойынша атқарылмау салықтық емес төлемдердің 1 трлн теңгеге ұлғаюы есебінен өтелді, – деді Біржанов.

Бюджет қайда жұмсалып жатыр?

Республикалық бюджет бойынша сомасы 20,8 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді, мұнда әлеуметтік бағыттың басымдығы сақталып қалды.

Мемлекет негізгі әлеуметтік міндеттемелерге:

- зейнетақы мен жәрдемақыға - 5,2 трлн теңге ;
- өңірлерге субвенцияларға – 4,8трлн теңге;
- міндетті медициналық сақтандыру қорына – 1,6 трлн теңге жұмсады.

Айта кетейік, 11 айда Қазақстан экономикасы 4,4% өскені туралы осыған дейін жаздық.

Өзгелердің жаңалығы