Үкіметте Президент Жолдауының орындалу барысы талқыланды

26 Қыркүйек 2023, 15:15
845
Бөлісу:
Үкіметте Президент Жолдауының орындалу барысы талқыланды
Фото: Қостанай облысы әкімдігі

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Атап айтқанда, мемлекеттік органдар макроэкономикалық тұрақтылықты құруға, фискалдық саясатты жетілдіруге, кәсіпкерлік пен банк секторын дамытуға, сондай-ақ басқа да салаларға бағытталған қажетті заңнамалық түзетулерді әзірлеп жатыр.

Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған тапсырмаларының өзі жетекшілік ететін салаларда сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы