Үкіметте мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллект енгізу мәселесі талқыланды

22 Маусым 2024, 16:15
384
Бөлісу:
Үкіметте мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллект енгізу мәселесі талқыланды
Фото: primeminister.kz

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтар мен бизнеске арналған мемлекеттік қызметтерге жасанды интеллект элементтерін енгізу талқыланды. 

ЖИ элементтерін енгізу бойынша жұмыс мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту және азаматтар мен бизнестің өмірін жеңілдетуге бағытталған цифрлық қызметтерді енгізу бойынша Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүргізіледі.

Бірқатар мемлекеттік органдар жаңа ЖИ-қызметін енгізу нәтижелерін ұсынды — білім берудегі көмекші, дүлей апаттарды мониторингілеуге арналған қызмет, Қазақстан шекарасындағы электронды кезектер, «Бәйтерек» холдингіндегі бизнес-процестерді автоматтандыру.

Кеңес барысында Ғ. Қойшыбаев «Бәйтерек» холдингіне қызмет көрсетудің «бірыңғай терезесі» қағидаты бойынша барлық қаржылық қызметтерді egov мобильдік қосымшасына шығаруды, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдалана отырып, ақша қаражатын алуға бизнестен өтінімдерді қарау мерзімдерін едәуір қысқартуды және бизнеспен жұмыс істеудің проактивті форматына көшуді тапсырды.

Үкімет өмірдің барлық салаларында жасанды интеллектіні енгізу бойынша белсенді жұмысты жалғастырады. Бұл ретте деректердің қауіпсіздігіне және заңнамалық нормалардың сақталуына ерекше назар аударылатын болады. Аталған шаралар азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және бизнесті дамытуға ықпал ететін мемлекеттік басқарудың неғұрлым тиімді және ашық жүйесін құруға бағытталған, — деп атап өтті Ғалымжан Қойшыбаев.

Өзгелердің жаңалығы