Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы айтылды

21 Қаңтар 2023, 10:15
3082
Бөлісу:
Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы айтылды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Қатысушылар теміржол тасымалында өндірістік процестің ажырамас бөлігі болып табылатын кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару шараларын талқылады. Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты жазды.

Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдарға осы бағыттағы белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы айтылды

Отырыс барысында бірқатар жеке компаниялардың меншік иелерінен 145 кірме теміржолын республика меншігіне беру туралы ұсыныстар келіп түскені айтылды.

Үкімет басшысы осы шараларды іске асыру үшін барлық қажетті рәсімдерді жүргізуді тапсырды.

Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы айтылды

Сонымен қатар комиссия мүшелері мұнай-газ саласының кейбір инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі жұмыстың барысын қарады.

Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы айтылды

Отырысты қорытындылай келе, Әлихан Смайылов жақын арада нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қаралған барлық мәселелер бойынша рәсімдерді жеделдетуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы