Үкіметте Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

20 Қаңтар 2024, 13:07
435
Бөлісу:
Үкіметте Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті

Үкіметте Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың, өнеркәсіпті, тау-кен металлургия кешенін және геологиялық барлауды дамытудың, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ мобильді операторларының бірін бәсекелестік ортаға берудің өзекті мәселелері қаралды.

Орталық мемлекеттік органдар, «Самұрық-Қазына», «Қазақтелеком» және «Тау-Кен Самұрық» компаниялары басшыларының қатысуымен өткен талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия бірқатар тиісті шешімдер қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы