Үкіметте әуежайларға инвестиция тарту мәселелері қаралды

10 Қазан 2023, 09:35
512
Бөлісу:
Үкіметте әуежайларға инвестиция тарту мәселелері қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр орталық және жергілікті атқарушы органдармен ел әуежайларының қызметін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда азаматтық авиация саласының негізгі көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

2022 жылдың қорытындысы бойынша әуежайларда 21,1 млн жолаушыға қызмет көрсетілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (18,2 млн адам) 16%-ға артық.

Өсу қарқыны биыл да сақталып отыр.

Кеңес барысында инфрақұрылымды дамыту, әуежайларға инвестиция тарту мәселелері қаралды.

Жеке инвестициялар есебінен Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларының әуежайларында жаңа жолаушылар терминалдарын салу бойынша ірі жобаларды іске асыру жұмыстары жалғасуда. Құрылыс келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға кеңес барысында айтылған мәселелерді кезең-кезеңімен шешу бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Өзгелердің жаңалығы