Үкіметте құны 16 трлн теңге болатын Ұлттық жоба туралы айтылды

12 Қазан 2021, 09:53
17641
Бөлісу:
Үкіметте құны 16 трлн теңге болатын Ұлттық жоба туралы айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады. 

Оның айтуынша, өзі басқарып отырған ведомство мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп үш Ұлттық жобаны әзірлеген көрінеді.

Атап айтар болсақ, олар – «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» және «Кәсіпкерлікті дамыту», сонымен бірге «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты Ұлттық жобалар.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» Ұлттық жобасы келесі 5 бағытты қамтиды. Олар индустриялық-инновациялық даму, мұнай-газ-химия, энергетика кешендерін, геология саласын дамыту, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты арттыру. Бұл бағыттарды іске асыру шеңберінде 6 міндет, 13 көрсеткіш және 55 іс-шара көзделген, - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі - 15,9 трлн теңге.

Оның ішінде республикалық бюджеттен 402 млрд теңге қарастырылған. 15,5 трлн теңгеге жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр. Ұлттық жоба 2025 жылға қарай тұрақты экономикалық өсуді 5%-дан жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған, - деді ведомство басшысы.

Өзгелердің жаңалығы