Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев биыл елімізде 19 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Биыл 19 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру үшін «Бәйтерек» арқылы 500 миллиард теңге қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталуда.
Атап айтқанда:
- 21 мың жалға берілетін пәтерлерді сатып алуға 300 миллиард теңге қажет.
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым қажеттілігі 120 миллиард теңге.
- Отбасы Банкінің «2-10-20» және «5-10-20» ипотекалық бағдарламалары бойынша 80 миллиард теңге қажет.
Министрліктің тұрғын үй құрылысын ынталандыру және кезекте тұрғандарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойныша бастамаларын қолдауыңызды сұраймын, – дейді Нағаспаев Үкімет отырысында.