Үкімет резервінен бірқатар өңірдің жылу электр орталықтарына қаржы бөлінді

12 Желтоқсан 2023, 15:26
615
Бөлісу:
Үкімет резервінен бірқатар өңірдің жылу электр орталықтарына қаржы бөлінді
Фото: gov.kz

Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасам Сәтқалиев осылай деп мәлім етті, дем хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік қолдау шаралары аясында жекелеген жылу көздерін жылыту маусымына дайындау үшін үкімет резервінен Риддер және Екібастұз қалаларының ЖЭО, Ақтау қаласының энергия көздеріне, Көкшетау қаласының қазандығына күрделі жөндеу жүргізуге, реконструкциялауға және қажетті жабдықтарды сатып алуға 21,5 млрд теңге бөлінді, – дейді Сәтқалиев үкімет отырысында.

Министр бұл қаржы барлық негізгі жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік беретінін айтты.

Кентау қаласының ЖЭО жөндеуге облыстық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, тікелей электр станцияларының меншік иелері шамамен 16,5 млрд теңгені салған. Осы жылы ұйымдастырылған бірыңғай сатып алушының іске қосылуын ескере отырып, Ресей Федерациясынан электр энергиясының жоспарлы импорты жөндеу жұмыстарының уақытша кезеңінің едәуір ұлғаюымен елдің электр станцияларын күрделі жөндеудің жоғарыда аталған көлемін жүргізуге мүмкіндік бергенін атап өткім келеді. Бұл өткен жылдары Қазақстанның энергия жүйесінде электр энергиясының тапшылығынан іске аспай  қалған еді. Бұл шара күзгі-қысқы кезеңде сенімділікті арттыруға мүмкіндік берді, – дейді Энергетика министрі.

Бұған дейін министр жылу желілеріндегі мәселе қалай шешіліп жатқанын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы